Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен Alpha Sky ЖШС директоры Гүлжан Джанибекова Түркістан халықаралық әуежайының даму мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу барысында ішкі және халықаралық бағыттар санын көбейту, жаңа рейстер ашу, жолаушылар мен жүк тасымалын арттыру сынды маңызды мәселелер қаралды. Сонымен қатар әуежай маңындағы инфрақұрылымды дамыту және логистика саласындағы серіктестік жобалар да назардан тыс қалмады. Тараптар Түркістан облысының туризмін дамыту мен көлік-логистикалық қызметтерді кеңейту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Жиын соңында облыс әкімдігі мен Alpha Sky компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Айта кетейік, Түркістан халықаралық әуежайы – еліміздегі ең жаңа әуежайлардың бірі. Оның мүмкіндіктерін толық пайдалану аймақтың туристік және экономикалық өсіміне тың серпін бермек.