Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот отырысында күдікті Ернар Жиембай соңғы сөзін сөйледі.
Ол жасаған ісін ішінара мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Алайда бұл оқиға өздігінен болмағанын айтып, себепсізден-себепсіз тиіспеген адамға барып қорқыту мақсатында оқ атпағанын жеткізді. Әрі соттан болған істің саясиланбауы мен жазасын жеңілдетуін сұрады. Бұдан бөлек, оқыс оқиғадан кейін ол Берденовті екінші мәрте көргенін, ота жасалатындықтан тек кешірім сұраумен шектелгенін айтып, денсаулығына ауыр зиян келтіргенін мойындады. Сот үкімі 20 тамыз күні жарияланбақ.
ЕРНАР ЖИЕМБАЙ, АЙЫПТАЛУШЫ
Аса қатаң жаза тағайындамауыңызды сұраймын, құрметті сот! Жасаған ісіме өкінемін! Ешбір азаматқа қолдарыңызға қару алмаңыздар, охотаға бармаңыздар деп айтар едім. Жасаған ісімді басыммен көтеремін. Мендегі бар ресурс әуелі Алла, одан кейін әділ сот!. Одан кейін қарапайым халқыма сенім білдіремін