Шымкентте Отан алдындағы борышын адал өтеп жүрген сарбаздардың аналарына құрмет көрсетілді. Түрлі әскери бөлімшелерде қызмет етіп жүрген 14 әскер үздік деп танылып, сахна төрінде аналарымен жүздесті.


Аналарды марапаттау рәсімін Шымкент гарнизонының бастығы подполковник Сергей Бибулатов пен «Солдат аналары комитеті – Ана жүрегі» қоғамдық ұйымының өкілі Шарифа Муминова жүргізді. Салтанатты шара 35748 әскери бөлімінің ән-би ансамблі, Ұлттық ұланның 65/06 әскери бөлімі және «Яссы» ансамблінің шығармашылық ұжымдары дайындаған концертпен жалғасты. Сарбаздарға да алғыс хаттар тапсырылып, 10 күндік демалысқа жіберілді. Көптеген аналар қуаныштан көз жасын тыя алмағанын да жасырмады.


 АЙНАГҮЛ ҚОНЫСОВА , АТА-АНА

 Баламның атынан алғыс хат алдым. Офицер мырзаларға алғысым шексіз.Жауынгер қатары алға баса берсін .Өрле берсін .Еңбектерінің жемісін көрсін.