Шымкентте спорттық атудан 16-шы Азия чемпионаты басталды. Жарыс олимпиадалық ойынға кіретін нысана көздеу мен стенд ату бойынша өтеді. Халықаралық додаға 27 мемлекеттен 1200 спортшы қатысуға ниетті. Әлем елдерінің кіл мықты мергендері анықталатын доданың ашылу салтанатына қатысып, тарихи сәтке куә болып қайтқан тілшіміздің бейнематериалы.


Чемпионат – еліміз үшін ғана емес, Азия құрлығы үшін аса маңызды! Халықаралық нысана көздеу федерациясының президенті Лучано Роси, нысана көздеуден Азия қауымдастығының президенті шейх Салман Сабах әл-Сәлем ас –Сабах Шымкент төріне арнайы табан тіреді. Мәртебелі меймандар алдымен су жаңа Shymkent Shooting Plaza ату кешені ғимаратының ашылуы сәтіне куә болды.


 Тың технологиямен жабдықталған заманауи ату кешені Халықаралық деңгейдегі спорттық шаралар өткізу үшін арнайы салынған. 14 гектар жерді алып жатқан атыс алаңында Ұлттық құрама сапындағы спортшылар дайындалады.


ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

 Ауқымды шараны қабылдау біз үшін , қала үшін тарихи сәт болып тұр. Спорт- татулық пен бірліктің символы ретінде елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта түсері сөзсіз. Спорт жақындастырады. Біздің спортшылармыыз үшін бұл зор мүмкіндік 


Азия чемпионатына Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Катар, Иран және тағы басқа мемлекеттерден спортшылар келген. Олар винтовка, тапанша және стендтік ату бағдарламалары бойынша бақ сынап, 700 медаль сарапқа салынады.


ЛУЧАНО РОСИ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЫСАНА КӨЗДЕУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Біз Азияның барлық мемлекеттерін құрметтейміз. Бірақ,негізгі құметті Қазақстыннан бастауымыз керек. Күні кеше елбасымен жүздесіп, жоспарлар құрдық. Қазақстан - Алдағы 10 күндікте бүкіл Азияны қабылдап, әлемдік жарыс ұйымдастырады. Бұл үлкен мәртебе. Бұл елді алдағы уақытта әлем астанасы бола алады деп ойлаймын.


Иә, аталған чемпионат спортшылардың бәсекесі ғана емес, ел намысы мен беделін арттыратын маңызды дода. Мұндай деңгейдегі жарыстың өткізілуі - қаладағы спорттық инфрақұрылымның мықтап жолға қойылуының айқын көрінісі,-деп атап өтті жауаптылар.


БЕРІК АСЫЛОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫ, ҚР СПОРТТЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Бұл чемпионат – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Азия құрлығы үшін маңызды оқиға. Біз спортшыларға жоғары деңгейде жағдай жасап, әділ әрі тартысты дода өткізуге дайынбыз. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін!


Жарысты қабылдап отырған Қазақстан құрамасы да сынға сақадай сай. Ұлттық құрама сапында тәжірибелі спортшылармен қатар, жас буын мергендері де бар. Олар үшін туған елде өнер көрсету – үлкен жауапкершілік әрі зор мүмкіндік.