Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, биылдан бастап елімізде жаңа кәсіби мереке – Қазақстан кәсіпкерлері күні 29 қазанда тойланатын болды. Қазіргі таңда елімізде 2,3 миллионнан астам кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.


Кәсіпкерлік – ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететін маңызды сала. Биыл бизнес өкілдеріне қолдау көрсету үшін 2 мыңнан астам жобаға мемлекеттен субсидия берілді. Бөлінген қаржы көлемі 288 миллиард теңгені құрады. Сондай-ақ, 737 жоба мемлекет тарапынан 61 миллиард теңгеге дейін кепілдік алған. Бұдан бөлек, шамамен 9 мың кәсіпкер түрлі оқыту бағдарламаларынан өтіп, білімін жетілдірді. Кәсіпкерлердің айтуынша, мемлекеттен көрсетіліп жатқан көмек – бизнес бастау мен оны дамытуға үлкен мүмкіндік. Соңғы жылдары жеңілдетілген несиелер, гранттар және оқыту жобаларының арқасында көптеген жаңа кәсіпорындар ашылып жатыр. Жастардың да кәсіпкерлікке деген қызығушылығы артып келеді. «Кәсіпкерлікті қолдау – ел экономикасының тұрақты дамуына және жаңа жұмыс орындарының көбеюіне ықпал етеді»-дейді сарапшылар.