Мегаполисте – дүбірлі дода. Shymkent Shooting Plaza ату кешенінде спорттық атудан XVI Азия чемпионаты өтуде. Сайысқа қатысушылар олимпиадалық спорттың екі түрінен бақ сынап жатыр. Байрақты бәсекені тілші әңгімелейді.


Спорттық атудан мұндай чемпионат Шымқалада бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Азия құрлығында орналасқан 27 елден 800-ден астам спортшы келіп өзара бақ сынасуда. Барлығы да өз елінің мергендері. Жүзден жүйрік шығатын жарысқа Азия ату конфедерациясының президенті арнайы келіпті.


САЛМАН САБАХ ӘЛ-САЛЕМ ӘЛ-ХАМУД ӘЛ-САБАХ, АЗИЯ АТУ КОНФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Конфедерацияның атынан біріншіден Қазақстан Республикасының президентіне алғысымды айтқым келеді. Бізді қарсы алғаны үшін және осы спорт түріне ерекше көңіл бөлгені үшін көп көп рахмет айтамыз. Соңғы 20 жылдың ішінде Қазақстандағы спорттық ату федерациясы дамып келеді. Жеттістіктердің бірі олимпиядада сіздердің жерлестеріңіз қола жүлде жеңіп алды. Қазақстанның спорттық ату федерациясы жақсы нәтижелер көрсетуде.


Спорттық ату олимпиада ойыны болғандықтан елімізде оны дамытуға көңіл бөлініп келеді. Қазақстандағы ірі қалаларда спорттық ату алаңдары жасақталған.


 МАЛИКА ЖАЛЕЛОВА, СПОРТТЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Қазіргі таңда ату спорты өте жақсы дамып жатыр. Шымкент қаласында Алматы қаласында олимпиядалық деңгейде олимпиада деңгейінде ату спортыт алаңдары бар. Олар халықаралық дәрежеге сәйкес. Бізде халықаралық сертификаттар бар осындай жарыстар өткізу үшін.


Байрақты бәсекеде спортшылар пневматикалық тапаншамен 10, 25, 50 метрден нысана атудан жарысады. Ал қос ауыз мылтықпен 10 метр, 50 метр, қозғалмалы насана дәлдейді. Баға жеке және командалық есеппен беріледі. Стенд ату бойынша: трап, скит, скит\микс, трап\микс, дубль-трап – жеке және командалық есепте.