Ғабит Сыздықбеов Art Code компаниясының өкілдерімен кездесіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты цифрландыруға бағытталған пилоттық жобаның алғашқы нәтижелерін талқылады.
Жоба аясында жылу желілерін құбыр ішінен тексеруге арналған еуропалық технология қолданылып жатыр. Инновациялық шешімдердің енгізілуі мамандарға жүйенің жай-күйі туралы нақты мәлімет алуға мүмкіндік берді. Мысалы құбыр қабырғаларының қалдық қалыңдығы мен түзу учаскелердегі ақауларды да анықтауға болады. Алынған деректерді өңдеуде жасанды интеллект қолданылады. Бұл нәтижелерді шығару уақытының айтарлықтай қысқаруына жол ашты. Мұндай тәсіл құбырлардың қалған пайдалану қорын әділ бағалауға және оларды әрі қарай тиімді пайдалануға қажетті шаралар қабылдауға жағдай жасайды. Коммуналдық салаға заманауи технологияларды енгізу – инженерлік желілердің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.