Шымкенттік 500 балаға оқу құралдары табыстылды. Мектепке жол акциясы аясында қолға алынған шараға жергілікті дін өкілдері мұрындық болып отыр. Қысылғанға қарайласып, қол ұшын беру – мұсылмандық парыз. Сондықтан оқу жылының алдында осындай балаларға демеу болу дәстүрге айналған.
Сыйлық сөмкесінің ішінде қалам, қарындаштан бастап, дәптер, кітаптарға дейін бар. Енді осы мектеп құралдарына қол жеткізген балғындар оқуда озат болатынына сенім мол.
МҰХАМЕДЖАН ЕСТЕМІРОВ, БАС ИМАМНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Көпбалалы аналар, жағдайы төмен отбасыларға арнап ұйымдастырылып отыр. Өзі асыл дінімізде де айтылады, мұқтажға жәрдем беру біздің парызымыз. Биыл осы шараны ерекше етіп өткізіп жатырмыз.
Ақмешіттегі дәстүр алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Имамдар тамыз айының соңына дейін 2000 балаға қуаныш сыйлаймыз,-деп отыр. Игілік аясында оқушылар мектеп формалары мен сырт киімдерге де қол жеткізеді.
БАҚДӘУЛЕТ ӘБДІРАХМАН, БАС ИМАМ
Қыс мезгілінде де болады осындай шаралар. Ол кезде балаларға сырт киімдер береміз. Оған демеушілерді тартамыз. Көптеген жомарт азаматтарымыз бар. Оларға Алланың нұры жаусын.
Айтып өтейік, «Мектепке жол» Акциясынын мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына жәрдем беру. Мектеп қажеттіліктерінің жетіспеуіне байланысты балалардың мектепке бармауына жол бермеу үшін қолдау керсету.