12–16 тамыз күндері Ақтауда өткен жамбы атудан Азия чемпионатында Түркістан облысының спортшылары 5 жүлде жеңіп алып, ел мерейін үстем етті.
Жастар арасында Ақберен Үсен «Азия» және «Түрік» стилінде алтын, «Жамбы» стилінде күміс медаль иеленді. Сонымен қатар, ерекше шеберлігі үшін «Тайтұяқ» марапатына лайық деп танылды. Жасөспірімдер санатында Ғұмыр Лесбек «Жамбы» стилінде алтын, «Түрік» стилінде күміс медаль еншіледі. Жеңімпаздарды Шымкент теміржол вокзалында сала мамандары, спорт жанашырлары мен туған-туыстары зор қошеметпен қарсы алды. Бұл жетістік – өңірдегі ұлттық спорттың дамып келе жатқанының айқын дәлелі.