Ұлттық санақ – агроөнеркәсіптік секторды ілгерілетудегі маңызды қадам. Дихандар туралы нақты деректер елдің азық-түлік тұрақтылығы мен ауыл шаруашылығын жүйелі ұйымдастыруға негіз болады. Ел көлеміндегі науқан аясында түсірілім тобымыз қаладағы фермерлік шаруашылықтардың бірінде болып қайтты. «Болашағы зордың» бүгінгі тынысын тілшіміз жалғастырады.
Бұл шаруа қожалығы – болашағы зор деп аталады. Мұнда бүгінде 800 қара мал, 1000 қой мен 300 бас жылқы бағылады. Қожалық иесі кәсіпті бар-жоғы қисар қойдың 20 басын сатып алудан бастағанын айтады. Еңбек пен табандылықтың арқасында шаруашылық бүгінде шаһардың ірі қожалықтарының біріне айналып отыр.
МАҚСАТ ҚУАТОВ, «БОЛАШАҒЫ ЗОР» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Санақ жүріп жатыр. Ол дегеніміз мынау елде қай өңірге ет керек, қай жерде сүт жетіспейді деген сияқты тепе-теңдік сақталады. Сол үшін де қажет.
Биыл елімізде ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін бағамдау үшін Ұлттық ауылшаруашылық санағы өтуде. Бұл жұмыстарға статистика мамандары да атсалысып отыр. Мәселен, Шымкент қаласында 1450 шаруа қожалығы есепке алынды. Оларды санақтан онлайн өткізу үшін 13 арнайы пункт қарастырылған.
ЕРЖАН ТӨЛБАСИЕВ, СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Ауыл шаруашылығын кешенді дамыту үшін деректердің дәлдігі аса қажет. Санақ қорытындысы саладағы басым бағыттарды айқындап, жаңа жобалардың жүзеге асуына жол ашады.
Алдын ала мәліметке сүйенсек, Шымкентте ірі қара саны көп. Уақ мал жылқыдан артық. Мамандар қожалық иелерін 30-тамызға дейін жалғасатын ұлттық санақтан өтуге шақырып отыр. Осы уақытта үлгермегендер үшін арнайы айыппұл да қарастырылған.