Шымкентте адал еңбек пен ұлттық өнерді насихаттап жүрген жан тұрады. Салт-дәстүрді дәріптеуден еш шаршамаған Майра Ормолдаева үйінің ауласын тіпті мұражайға айналдырып тастапты. Ою-өрнекпен көмкерілген қазақы аулаға таңырқап қайтқан әріптесімізді тыңдайық...


Мұражайға айналған үй ауласында мән-мағынаға толы ою-өрнек көп. Майра Ормолдаева шымкенттік суретшілермен бірлесіп, ауласының әр бұрышын қазақтың аты мен затын өшірмейтін бұйымдармен көмкеріпті. Кейіпкеріміз қолына түскен әр дүниенің тарихын жақсы біледі.


МАЙРА ОРМОЛДАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Ауладағы Бірде-бір сурет, өрнек қайталанбаған. Мұның барлығында қайталанбас мән бар. Мынау кәдімгі қорғанды білдіріп тұратын әскери бас киімі. Қорғап тұоратын мағынада.Қазақ не нәрсе болмасын тақияға салсын, өссін, өнсін деген өсімдіктерді бейнелеген. 


Бұдан бөлек, теңдессіз, әрі айрықша құнды дүниелерді сары майдай сақтап, мәңгі із болып қалатын бұйымдарға ерекше жанашырлықпен қарайтын ұлт жанашырының ауласында сан ғасырлық тарихы бар киіз үй тұр. Мұнда жиылған әр бұйымды ол Қазақстанның түкпір-түкпірі мен шет мемлекеттерден арнайы тапсырыспен алдырыпты.


МАЙРА ОРМОЛДАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Байқайсыздар ма, мынау таза антиквариат. Жланның екі тілі сияқты. ЯҒни, босағаны қорғап тұр деген мағынаны білідреді. Менің қонақтарым үйге кірмейді. Мына киіз үйді көргеннен кейін осы киіз үйге кірейікші дейді., Ол да бір сағыныш, жастық шақ, өзінің қазақ екенін, қандай ұлттың адамы екенін сезінеді ау деймін. 


Ескіні жаңғыртуды діттеген Майра апайдың басты мақсаты – ұлттық кодты дәріптеу. Сан ғасырдан бері атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық болмысымыздың тінін үзіп алмай, ұрпаққа жеткізу дейді ол.