Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі кеңейді. Жалпы 907 мың гектарға егіс егілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 34 мың гектарға артық.
Облыста дәнді дақылдар 341 мың га, майлы дақылдар 73 мың га, көкөніс пен картоп 55,9 мың га, бақша өнімдері 61,6 мың га, мақта 145 мың га жерге егілді. Бұл нәтижеге су үнемдеу технологияларын енгізу мен қажетті ресурстардың уақытында жеткізілуі ықпал етті. Шаруалар 1100-ден астам жаңа техника сатып алып, машина паркін 6%-ға жаңартты. Су үнемдеу әдістері 59 мың гектарға енгізілді. Жылыжай шаруашылығы 1715 гектарға дейін ұлғайып, қарқынды бау көлемі де артты. Сонымен қатар биыл 20,8 мың тонна ірі қара, 13,4 мың тонна қой еті экспортталды. Құны 51,3 млрд теңгені құрайтын 7 ірі жоба іске асырылып жатыр. Бұл ет экспортын 2 есе арттыруға мүмкіндік береді.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Әр басқарма тығыз ақпаратпен жұмыс жасауы керек. Өйткені жасап жатқан жұмысымыз бір. Субсидия алған шаруаларға тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізуді тапсырамын. 2025 жылға бекітілген индикатор толық орындалуын қамтамасыз етіңіздер. Әр ауданға және басқарма басшысына тиесілі.