Конституция мен заңдарды сақтау – қоғам дамуының басты алғышарты. Әрбір азамат заңды біліп, оны құрметтесе, құқық бұзушылық азаяды, қоғам тұрақтанады, мемлекет нығаяды. Сондықтан заң үстемдігін қамтамасыз ету – тек билік емес, барша қоғамның ортақ міндеті. Заң үстемдігі жайында Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов өз ойымен бөлісті.


Әрбір өркениетті мемлекеттің негізінде құқық үстемдігі жатыр. Бұл – мемлекеттің тұрақты дамуына, , қоғамда әділдік пен тәртіптің орнауына кепіл болатын басты қағидат. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің іргетасы – Конституция. Ата заң 1995 жылы қабылданып, еліміздің демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына жол ашты. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заң алдындағы теңдік нақты көрсетілген. Құқықтық мемлекетте ешкімнің заңнан жоғары тұруына жол берілмейді. Азаматтың әлеуметтік жағдайына, лауазымына немесе байлығына қарамастан, ол заң алдында тең. Бұл – қоғамда әділ шешімдер қабылдануының, азаматтардың құқықтарының қорғалуының басты шарты. Егер біреу заңды бұзса, ол жауапкершілікке тартылуы керек. Заң үстемдігі тек мемлекеттік органдардың жұмысына байланысты емес. Бұл – әрбір азаматтың заңға деген құрметінен, оған бағынуынан басталады.


БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 Егерде заң барлығына бірдей болған жаңдайда әділеттілік орнайды. Халықтың бәрі соны мойындап бір бағытта жүруге келісім беріледі. Президентіміз айтпақшы тәртіп деген бұрыннан келе жатқан ұғым. Заңбұзушылыққа жай кішкентай тәртіпбұзушылық деп қарауцға болмайды.