Қазығұрт ауданының жастары патриоттық рухты дәріптеуге бағытталған ерекше акция ұйымдастырды. Белсенді жастар киелі Қазығұрт тауының ең биік нүктесіне көтеріліп, Мемлекеттік Туды желбіретті.


 Теңіз деңгейінен 1768 метр биіктікте өткен шара елдік пен бірліктің айқын көрінісіне айналды. Қазығұрт тауы – халқымыздың тарихы мен руханиятында ерекше орны бар қасиетті мекен. Осындай киелі орында Көк Тудың көк жүзінде желбіреуі жастардың елге, жерге деген құрметі мен адалдығын айшықтай түсті. Қазығұрттық жастар бұл бастама арқылы мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Олардың айтуынша, жастар арасында отансүйгіштік қасиеттерді дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және Мемлекеттік Тудың мәртебесін арттыру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.