Түркістан төрінде дүбірлі дода! Байдарка мен каноэдеесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты басталды.Бұл додамен қатар, парааканоэден де құрлық біріншілігінің жалауы желбіреп тұр. Азияның ең үздік споршыларын бір арнаға тоғыстарған айтулы жарыс халықаралық стандартқа сай салынған зәулім ескек есу каналында өтуде.

 Чемпионатқа Азияның 15 елінен 300-ге жуық спортшы келген. Олардың қатарында халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген үздіктер бар. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың жоғары деңгейде әрі әділ өтетініне сенім білдірді.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
 – «Түркі мемлекеттерінің саммиті өткен шаһар үлкен спорт додаларының да орталығына айналып келеді. Бүгінгі жарыс – соның айқын дәлелі деп сенемін.»


Қызылжардан келген Ербол Хамитов параканоэден 200 метр қашықтықта бақ сынайды. Ел намысы сынға түсетін байрақты бәсекеге спортшы тыңғылықты дайындықпен келген. Айтуынша, басты мақсат – жазда өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алу.


ЕРБОЛ ХАМИТОВ, СПОРТШЫ
 – «Мендеқазіртехникалыққателіктер бар. Сонытүземекпін. Ал физикалықтұрғыдадайынмын.»


Ашылу салтанатында Азия каноэ конфедерациясының президенті Прашант Кушваха сөз сөйлеп, ескек есу каналына жоғары баға берді. Жалпы аумағы 99 гектарды құрайтын кешеннің ұзындығы 2 шақырымнан асады. Ені – 260 метр. Ал су сыйымдылығы 2 миллион текше метрге дейін жетеді. Нысанда халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін 1000 орындық заманауи трибуна, күштік дайындық, йога және арнайы есу залдары қарастырылған.


Мемлекет басшысы кәсіби спортты дамытуға ерекше мән беріп, салаға тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Бүгінде облыс аумағында 3595 спорт нысаны халық игілігіне қызмет етуде. Жаңа спорт кешендері салынып, инфрақұрылым жаңартылып жатыр. Солардың бірі – Түркістан қаласындағы халықаралық ескек есу каналы. Бұл кешен бүгінде еліміздегі ең заманауи әрі бірегей спорт нысандарының біріне айналды. Нәтижесінде Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет ескек есуден Азия біріншілігін өткізу мүмкіндігіне ие болды.