Қазығұрт ауданында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында  «Айқын нәтиже» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтеді. Жиын барысында пилоттық жобаны іске асырудың негізгі бағыттары, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері және ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы қаралады.

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында қолға алынған жоба құқық бұзушылықтардың тиімді профилактикасы мен қылмыстарды ашуға кедергі келтіретін негізгі себептер мен триггерлерді айқындауға бағытталған. Қанат қақты жоба бұған дейін Түркістан қаласы мен Сайрам ауданында жылдың басында қолға алынған. Ол оң нәтиже көрсеткен. Аталған аудандарда профилактикалық  жұмыстардың нәтижесінде қылмыс едәуір төмендеген.  Осыған байланысты қазіргі таңда «Айқын нәтиже » жобасы облыс бойынша қолға алынған. Пилоттық  жобаны жүзеге асыру барысында әрбір мемлекеттік орган мен мекеме өз қызметінің тиімділігіне ерекше назар аударылды. Әсіресе, тұрғындардың өтініштерімен тілектерін дер кезінде қарау. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жүйелеу. Заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізу басты назарға алынды.  

РУСЛАН ӘБДІРАЙЫМОВ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
Қазіргі таңда осы пилоттық жобаның аясында жұмыс тобының іс-шара жоспралары бекітіліп,бүкіл 13 ауыл округті аралау және қандай қылмыстарға ден  қою,қандай қылмыстардың алдын алу мақсатында іс-шара жүргізілетін болады.