Ұлттық статистика бюросы сәбилерге қойылған ерекше есімдер туралы ақпаратты жариялады. Бюро мәліметінше, 1 қаңтар мен 1 маусым аралығында Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең көп қойылған есім – Алан. Ал қыз балалар арасында Айлин есімі көш бастап тұр.
Жаңа туған ұл балаларға Алан есімі – 957 рет қойылса, Айлин есімі – 1744 қызға берілген. Жыл басынан бері ұл балалар арасында ең сирек кездескен есімдер қатарында Әл-Әли, Абдуқодир, Яшар, Райымхан, Шерәли және Бектілес бар. Қыз балаларға қойылған ерекше есімдер ішінде Ирислиқой, Айбану, Селвин, Леонэль, Бегайым, Ақбата, Анара және Аша есімдері кездеседі. Статистикаға сәйкес, жыл басынан бері бұл есімдер жаңа туған сәбилерге бір-бір реттен ғана қойылған.