Кәсіби шеберлік пен озық тәжірибе салтанаты. Индустриалды-техникалық колледжде инженерлік сала педагогтері арасында өткен республикалық байқау өз мәресіне жетті. Оқу орнында еліміздің ең үздік ұстаздарын ұлықтау рәсімі өтіп, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Бұл — жай ғана жарыс емес. Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан жиналған арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері бір арнада тоғысып, тәжірибе алмасты.


 Салтанатты шара барысында колледждің техникалық мамандар даярлаудағы жетістіктері де айтылды. Білім ордасында білім алып жатқан жастардың басым бөлігі оқуын аяқтамай тұрып-ақ өндіріс орындарына жұмысқа орналасып келеді.


 НҰРБОЛАТ АСЫЛБЕКҰЛЫ, ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
28-29 мамыр күндері ұйымдастырылған жарыс өз мәресіне жетті. Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен байқауға еліміздің 8 өңірінен 8 қатысушы келді.


Колледж түлектерінің жұмыспен қамтылу көрсеткіші де жоғары. Бүгінде бітірушілердің 80 пайызы тұрақты еңбек етсе, қалғандары жоғары білім алып немесе әскери қызмет қатарында жүр. Сонымен қатар колледж студенттері халықаралық деңгейдегі жарыстарда да табысты өнер көрсетіп келеді.


РАХМЕТУЛЛА МҰХАМЕДҚАЛИҰЛЫ, ОҚЫТУШЫ
Жалпы бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан жарысқа арнайы Маңғыстау өңірінен келдік.


Байқау қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ал өңірлік кезеңнің жеңімпазына республикалық кәсіби шеберлік конкурсына жолдама берілді. Барлыққатысушыларғаарнайысертификаттартабысталды.