Бүгінде мегаполис аумағына 800 мыңға жуық гүл көшеті егілді. Гүлдерді отырғызу және күтіп-баптау жұмыстары маусым бойы жалғасады. Осы мақсатта арнайы техника мен білікті мамандар жұмылдырылған.
Мегаполисте 1683 арнайы конструкция орнату жоспарланған. Бұл шаһардың сәулеттік келбетін жақсартуға, экологиялық ахуалды оңтайландыруға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға негіз болмақ. Сонымен қатар, 540 вазон, 293 стендке бекітілетін гүл құмырасы, 245 жарықтандыру бағанасына арналған сәндік элемент және 424 бұрыштық гүл құмырасы орналастырылады. Бұл заманауи тәсіл қоғамдық кеңістіктерге ерекше эстетикалық сән беріп қана қоймай, шағын аумақтарды тиімді пайдалану арқылы жасыл желек көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, көше бойларындағы гүлмен көмкерілген конструкциялар қаланың көркін айшықтап, жайлы атмосфера қалыптастырады.