Қалада 31 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, 26 тұрғын үйдегі тозығы жеткен 37 лифт ауыстырылмақ. Биыл реновация бағдарламасы аясында апатты деп танылған 13 тұрғын үйдің тұрғындарын жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ердаулет Әжібаев БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, Шымкентте 2026 жылы тұрғын үй қорын жаңарту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар күшейтіледі. Әлеуметтік нысандар құрылысы да назардан тыс қалмайды. Жыл соңына дейін 150 орындық оңалту орталығы мен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қосымша ғимараты пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Білім беру саласында 7 жаңа нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде мектептердің қосымша ғимараттары мен студенттерге арналған жатақхана бар. Сондай-ақ бірқатар білім беру мекемелерінде күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Қалада денсаулық сақтау, мәдениет және төтенше жағдайлар салалары бойынша да жаңа жобалар іске асырылуда. Бірқатар нысандардың құрылысы 2027 жылға өтпелі.
ЕРДАУЛЕТ ӘЖІБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Биыл реновация бағдарламасы аясында апатты деп танылған 13 тұрғын үйдің тұрғындарын жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.