Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталды. Мамандар қару-жарақ пен арнайы техникалардың дайындығын пысықтап, оларды аптап ыстықтағы қызметке бейімдеді.
Жаз мезгілі әскери техникалар үшін үлкен сынақ саналады. Сондықтан бригада мамандары әрбір техниканың мінсіз жұмыс істеуіне ерекше мән беруде. Маусымдық қызмет көрсету барысында қозғалтқыштар, салқындату жүйелері мен негізгі агрегаттар толық тексеріліп, майлар мен арнайы сұықтықтар жаңартылды. Сонымен қатар, жүргізушілерге ыстық климат жағдайында техниканы тиімді пайдалану және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша арнайы сабақтар ұйымдастырылды. Әскери бөлімде жанар-жағармай қоры да есептеліп, қажетті дайындық құжаттары әзірленді. Мамандардың айтуынша, жүргізілген кешенді жұмыстар техникалардың сенімділігін арттырып, жауынгерлік міндеттерді мүлтіксіз орындауға мүмкіндік береді.
МҰРАТХАН РАХЫМОВ, БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Техниканың дайындығына жауынгерлік тапсырмаларды орындау сапасы мен жылдамдығы тікелей байланысты болғандықтан, техникалық қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді