Түркістанда зияткерлік ойынның нағыз тартысы көрініс тапты. «Senat Open» шахмат турнирі бір алаңға түрлі сала өкілдерін тоғыстырды. Бір үстел басында депутаттар да, мемлекеттік қызметшілер де, қоғам белсенділері де бақ сынады.


 Әдеттегі спорт алаңынан бөлек, бұл жолы ақыл-ой бәсекесі шахмат тақтасында өрбіді. Әуесқой ойыншылар әр жүрісін салмақтап, қарсыласына лайықты жауап іздеді.


 ЕРГЕШ ЖАҚЫП, САРЫАҒАШ АУДАНЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұл – менің алғашқы қатысуым. Шахмат ой-өрісті дамытып, ойлау қабілетін кеңейтеді. Өте әсерлі болды.


 Ойын бірнеше кезең бойынша өтті. Алдымен іріктеу бәсекелері өтіп, үздіктер келесі айналымға жолдама алды.


РАСИЛЬ БАЙКОВ, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
 Бала кезімізден шахмат ойнаймыз. Қазір де осы ойыннан қол үзген жоқпыз.


Финалдық кезең республикалық деңгейде жалғасады. Тартысты ойын көрермен назарын өзіне аударды.