Шымкенттік гимнаст Азия чемпионатында топ жарды. Hong Kong қаласында өткен Championships додасына қатысқан Еңлік Тұрсын батутта секіру мен синхронды секіруден 3-ші орын алып, ел қоржынына бір емес екі жүлде салды.

 AsiaWorld-Expo аренасында өткен жарысқа Азияның 10 елі қатысқан. Жерлесіміз, «бұл жеңіс, менің емес жанкүйерлердің жүлдесі» , - дейді. Айтуынша, Қазақстандықтар Еңлікке әлеуметтік желі арқылы қолдау көрсетіп, сенім артатындарын жеткізген. Бүгін азия жүлдегерін жанкүйерлер теміржол вокзалынан күтіп алып, құттықтады.