Шымкент қалалық өзбек драма театрының ұжымы театрсүйер қауымға кезекті жаңа туындысын ұсынып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Театр сахнасында драматург Рихсивай Мұхаммаджановтың «Алдағанға әйел жақсы» атты комедиялық қойылымының премьерасы өтті.


Қойылымның негізгі желісі өмірдегі қарапайым отбасылық жағдайлар мен адамдар арасындағы сенім мәселесіне құрылған. Пьесада Абдужаббар мен Турдиқұлдың қалада білім алып жүрген практикант қыздармен жасырын кездесуді жоспарлауы күлкілі оқиғалардың басталуына себеп болады. Алайда олардың бұл құпиясы ұзаққа бармай, күтпеген жерден әшкере болады.


 САИДКАРЫМ МАХМУДОВ, АКТЕР
 Тәрбиелік мағынасы бар қойылым. Сайрамның менталитетіне сай келеді деп осы шығарманы таңдадық.


Турдиқұл әйелінен оңбай таяқ жесе, Абдужаббар Сожиданың ашуынан құтылу үшін өзін жадынан айырылған адам ретінде көрсетіп, түрлі айлаға барады. Осыдан кейін сахнада бірінен соң бірі жалғасқан қызықты жағдайлар өрбіп, көрерменді еріксіз күлкіге бөлейді.


ҰЛЫҚБЕК НАСЫРОВ, АКТЕР
Турдиқұл әйелінен оңбай таяқ жесе, Абдужаббар Сожиданың ашуынан құтылу үшін өзін жадынан айырылған адам ретінде көрсетіп, түрлі айлаға барады.


Комедия барысында ерлі-зайыптылар арасындағы сенім, отбасылық адалдық, қызғаныш пен опасыздық мәселелері жеңіл әзіл мен астарлы қалжың арқылы шебер жеткізілген. Қойылым тек көңіл көтеріп қана қоймай, көрерменді терең ойға жетелейді. Адамгершілік құндылықтарды насихаттай отырып, отбасы бірлігі мен сыйластықтың маңызын айқындайды.