Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы таэквондодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
Шымкент қаласының спортшысы, Жазғы универсиаданың чемпионы Самирхон Абабакиров жүлделі үшінші орынды қанжығаға байлады. Ол жартылай финалда былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы және Ханчжоудағы Азия ойындарының күміс жүлдегері ирандық Мехди Хаджи Мусаимен татамиге шыққан болатын. Осыған дейін Самирхон Біріккен Араб Әмірліктері мен Индонезия спортшыларын сенімді түрде жеңіп, жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетті. Айта кетейік, құрлық додасына Азияның 29 елінен 400-ден астам спортшы қатысуда.