Түркістанда мәдениет пен өнер саласының қызметкерлеріне арналған мерекелік кеш өтті. Салтанатты жиында қала басшылығы киелі өнердің жүгін арқалап жүрген азаматтарға алғыс білдіріп, марапаттар табыс етті.


Өмірін өнермен өрнектеген мамандар бұл күні өздеріне көрсетілген құрметке ризашылықтарын жеткізді. Шара барысында мәдениет үйінің өнерпаздары әсем ән мен күйден шашу шашып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық мәдениетті насихаттап, руханиятты дәріптеп жүрген сала қызметкерлерінің еңбегі ерекше атап өтілді. Мұндай құрмет олардың шығармашылығына жаңа серпін берері айтылды.