Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралап, медициналық ұйымдар мен инфрақұрылымдық жобалардың жұмыс барысын көзбен көрді.
«Камея Pharm Group» пен «Шымфарм» ЖШС филиалының қызметі таныстырылды. Мекемелердің қабылдау мүмкіндігі мен тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы назарға алынды. Сондай-ақ отбасылық денсаулық орталықтары мен цифрландыру деңгейі тексерілді. Бұдан бөлек Қонаев даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолы мен Исфиджабтағы жол сапасы қаралды. Қала әкімі жобаларды сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.