Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймақта ПВХ құбырларына арналған арматура, тамшылатып суару жүйелеріне қажетті жабдықтар және тоқылған су шлангтері өндірісі жолға қойылады.
Ал Сауран ауданындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында «BOSHIRAN XINJIANG» компаниясының ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру және шығару жобасы іске асырылмақ. Бұл мәселелер облыс әкімінің төрағалығымен өткен штаб отырысында айтылды. Сондай-ақ Сарыағаш ауданы мен Арыс қаласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысы қаралды. 2025 жылы облыс экономикасына 1,7 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 121,6 пайызды құрады. Өткен жылы 58 жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Биыл да осы қарқын сақталып, 67 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Атқарылып жатқан жұмыстар өңірдің экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп отыр.