Шымкентте мерзімді әскери қызметке шақырылған 20 жас сарбазды салтанатты түрде әскерге шығарып салу рәсімі өтті. Олар Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Жамбыл облысындағы азаматтық қорғаныс әскери бөліміне аттанды.


Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері – елдің төтенше жағдай кезіндегі жедел резерв күші саналады. Мұнда сарбаздар табиғи апаттар мен түрлі төтенше жағдайлардың салдарын жоюға машықтанады. Әскери бөлімдер заманауи техникамен жабдықталып, жауынгерлердің сапалы білім алып, кәсіби даярлықтан өтуіне барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ қызметін аяқтаған жастарға азаматтық қорғаныс органдарында еңбек жолын жалғастыру мүмкіндігі беріледі. Айта кетейік, көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында Шымкенттен 1200-ден астам жас сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Науқан толық аяқталғанға дейін тағы 400-ге жуық азамат әскер қатарына шақырылады.