Шымкент қаласында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Баспана кезегінде тұрған және жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларына қатысқан тағы 50 отбасы жаңа пәтерге ие болды.


Пәтерлер «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары аясында берілді. Тұрғындар жеңілдетілген ипотека жүйесі арқылы төлем қабілеттілігін растаған азаматтар қатарынан.


 КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
 Бұл азаматтар қатарында мүгедектігі бар жандар, пәтер кезегіндегі мемлекеттік қызметшілер бар.


 Жаңа баспаналы болғандардың қатарында көп балалы аналар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар және бюджет саласының қызметкерлері бар. Солардың бірі - көп жылдан бері баспана кезегін күткен көп балалы ана Гүлбахрам Қожанова. Ол үшін бүгінгі қуанышты сәт -ұзақ жылдар бойы күткен арманының орындалуы.


ГҮЛБАХРАМ ҚОЖАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Баспана алып, жүздері бал-бұл жайнап отырған азаматтарды шын жүректен құттықтаймын. Мен де мемлекеттік қызметте жұмыс істеймін, міне, пәтер алып отырмын.


 Айта кету керек, қалада тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту және баспанамен қамту мүмкіндігін кеңейту бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасып жатыр. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру баспана кезегінде тұрған азаматтар санын кезең-кезеңімен азайтып, тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру жағдайын жасауға мүмкіндік береді.