Елімізде ұялы телефон ұрлығы мен қалта ұрлығының саны азайып келеді. ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері ұялы телефон ұрлығы 40%-ға төмендеген.


Полицейлер осындай 900-ден астам қылмысты ашты. Ұрланған телефондар иелеріне қайтарылды. 700-ден астам адам жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топтың жолы кесілді. Сонымен қатар, ұрланған техниканы өткізетін орындарға ерекше назар аударылуда. Мәселен, Алматыда бұрын сотталған ер адам ұсталған. Одан 30-дан астам ұрланған телефон тәркіленді. ІІМ ұрланған мүлікті сатып алу және қайта сату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындар мен көлікте жеке заттарына мұқият болып, сақ жүруге шақырады.