Шымкентте сән әлемі мен балалар мерекесі тоғыспақ! Бірінші саусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, шаһарда ауқымды «Fashion-day» өтеді.
«Turan Models» агенттігі ұйымдастырған бұл жобаға қала әкімдігі мен «AMANAT» партиясының әйелдер қанаты қолдау көрсеткен. Мерекелік шара «Hyundai Otrar» автосалонында ұйымдастырылады. Мұнда келушілерді тек сән әлемі ғана емес, үлкен мереке күтіп тұр. Күндізгі сғат екіде басталатын тегін шеберлік сабақтарында балалар қазақша күрес, таэквондо, тоғызқұмалақтан бақ сынап, домбыра тартуды үйрене алады. Ал кешкі сағат бесте подиум тілініп, әлемдік деңгейдегі дизайнерлердің қатысуымен үлкен сән үлгісінің көрсетілімі басталады. Онда халықаралық үздік коллекциялар мен әлемдік брендтердің топтамалары ұсынылмақ.