Елімізде мемлекеттік қызмет туралы заңға өзгеріс енгізілді. Заң Қазақстан Республикасының 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында әзірленіп, мемлекеттік қызмет моделін одан әрі жаңғыртуға бағытталған.
Президент 19 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған еді. Құжат 1 шілде күні күшіне енеді.
ҚАНАТ ҚАДЫРБЕКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ, ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ
Мемлекеттік қызмет көрсету формальды ғана қағаз жүзінде емес, жалпы клиентке бағдарланған модельге деген философияны енгізу мақсатында олардың мемлекеттік қызметшілердің процедураларын оңтайландыру және автоматтандыру, мерзімдерді қысқарту, талап етілетін құжаттарды азайту, артық кедергілер мен қайталанатын талаптарды алып тастау, клиентке бағдарлану және әдеп стандарттарын сақтау деген сияқты мемлекеттік қызметшілердің осы тұста қызмет жасауын көрсетеді.
Заңның жаңа редакциясы мемлекеттік аппараттың жұмысын түбегейлі жаңартты. Ол мемлекеттік қызметтің мақсаты мен ұлттық басымдықтарды жүзеге асырудағы рөлін заңнамалық түрде бекітіп, кадр саясаты мен қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтермек.
ҚАНАТ ҚАДЫРБЕКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ, ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ
Маңызды жаңашылдықтардың бірі – «Е-қызмет» цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметке іріктеуді толық цифрлық форматқа көшіру. Оның тиімділігін ескере отырып, енді кадрларды іріктеу және басқару толықтай цифрлық форматқа көшіріледі, бұл ашықтықты және үміткерлердің мемлекеттік қызметке барлық салалардан келуін қамтамасыз етеді. Егер лауазым 3 айдан артық бос болса, «е-Қызмет» жүйесінде автоматты түрде конкурс жарияланады.
Заң кадрларды іріктеу мен бағалаудың цифрлық құралдарын енгізуді, тәлімгерлік институтын дамытуға жол ашады. Сондай-ақ білікті мамандарды, соның ішінде мемлекеттік емес сектордан тартудың қосымша тетіктерін қалыптастыруды көздейді.