Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған тағы 30 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жаңа қоныс иелерін қуанышымен құттықтады.
Шымкенттік тұрғын Маржан Сейдуллаева әскери салада тер төгіп жүрген маман. Он жылдан бері баспанаға қол жеткізуді армандап келеді. Қуанышқа кенелген тұрғын бүгін Ақжайық ауданында орналасқан бір бөлмелі пәтерге қоныстанды.
МАРЖАН СЕЙДУЛЛАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
2016 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрамын. Биыл «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша үй алдым.Көптен күткен қуаныш.Қала әкімінің өзі баспана кілтін табыстады.
АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
Қазіргі таңда шаһарда тұрғын үй кезегінде 95 мың азамат тіркелген. Жыл соңына дейін 6000-нан астам тұрғынға үй беру жоспарланып отыр. Баспаналы болған жаңа қоныс иелері бүгін Ақжайық шағын ауданына орналастырылды. Бағдарламаға «2-10-20» және «5-10-20» шарттары бойынша төлем қабілеттілігін растаған азаматтар қатысты.
КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ М.А.
Ақжайық мөлтекауданынан бұл жылы 700-ден астам азаматқа үй беру жоспарланған.Жыл басынан бері 498 азаматқа баспана кілті табысталды.Тұрғындарбұған дейін кірісін растап, кезекке тұрған.
АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
Тұрғын үй беру жұмыстары Шымкентте жүйелі түрде жалғасып келеді. Мәселен, өткен жылы осы санат бойынша 1 500-ге жуық азамат жаңа пәтерге ие болып, қоныс тойын тойлады.Баспаналар қажетті инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген.