Қазақстан алкоголь тұтыну деңгейі бойынша Орталық Азия елдерінің арасында бірінші орынға шықты. Елімізде 15 жастан асқан әрбір азамат жылына орта есеппен 5, 4 литр таза спирт тұтынады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен халықаралық зерттеу орталығы осылай дейді. Бұл көрсеткіш аймақтағы өзге мемлекеттермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.


 Мәселен, Қырғызстанда жан басына шаққанда алкоголь тұтыну көлемі 3,9 литр болса, Өзбекстанда -2,1, Тәжікстанда - 0,7, ал Түрікменстанда 0,3 литр деңгейінде тұр. Яғни Қазақстандағы көрсеткіш Түрікменстанға қарағанда 18 есе, Өзбекстанмен салыстырғанда 2,5 есе жоғары. Алайда, ТМД кеңістігіндегі бірқатар ірі мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстандағы көрсеткіш біршама төмен. Мамандар Беларусь, Ресей және Украинада алкоголь тұтыну деңгейі жоғары екенін айтады.