Алкогольге сылқия тойып алған азамат көшеде тұрған өзгенің көлігін мініп кеткен. Полицияға Түлкібас ауданының тұрғыны арызданып, аулада есігі ашық тұрған машинасы жоғалғанын хабарлаған.
Сақшылар іздестіру жұмыстарын бастап, жоғалған көліктің қозғалыс бағытын анықтаған. Алайда жүргізуші полиция талабына бағынбай, қашуға тырысқан. Десе де сақшылар кәсібилік танытып, күдіктіні ұстаған. Тексеру барысында ер адамның мас күйде болғаны анықталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.