Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі жеңілдеді. Енді ниет білдірген азаматтар арнайы тестілеуді кезек күтпей, өз үйінен онлайн тапсыруға болады. Емтихан барысында үміткерлерді мамандар веб-камера арқылы қатаң бақылап, заңбұзушылықтың алдын алады.


Ол үшін алдын ала өтінім беріп, «Е-қызмет» порталы арқылы тіркеуден өту қажет. Конкурсқа қатысушылар еліміздің заңнамасын білу деңгейін тест арқылы дәлелдеп, жеке қабілеттерді бағалау кезеңіне қатысады. Нұрсұлтан Елтай жуырда осындай сынақтан сүрінбей өтіп, басқармаға бас маман болып тағайындалған. Оның айтуынша, конкурс тәртібі жеңілдеп, үміткерлерге қолайлы бола түскен. Сынақ нәтижелері де қысқа уақыт ішінде жарияланады.


НҰРСҰЛТАН ЕЛТАЙ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
«Конкурс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде құжаттарымды онлайн портал арқылы тапсырдым. Екінші кезеңде жеке қабілеттерді бағалау тестінен өтіп, үздік бестікке кірдім. Үшінші кезеңде практикалық бағалаудан сәтті өтіп, жеңімпаз атандым. Бес- жеті күн ішінде конкурс толық аяқталады.»