«Дарбаза» оқу полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35 748 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері штаттық қарудан алғашқы практикалық атыстарын өткізді.
Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстарынан шақырылған жас сарбаздар әскери ант қабылдамағанымен, жалпыәскери дайындық курсынан өтіп үлгерді. Жас буын қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, оны қолдану тәртібін, қауіпсіздік ережелерін меңгерді. Әскери дайындық арнайы нұсқаушылар мен бөлімше командирлерінің жетекшілігімен өтті. Жас сарбаздардың басымы автоматтан алғаш рет оқ атып жақсы нәтиже көрсетті. Ал бөлімше командирлері жас сарбаздардың әскери іске деген қызығушылығын жоғары бағалады. Алдағы уақытта жас жауынгерлер әскери ант қабылдап, жауынгерлік дайындық бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыратын болады.
БЕКСҰЛТАН ШҮКІРҚАЛИЕВ, МОТОАТҚЫШТАР БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ
Дарбаза оқу-жаттығу полигонында жас буынды сарбаздармен АК-74 қаруынан бастапқы 3 поторннан 9 потрон атудамыз. Және танкіге қарсы қолдану жаттығуларын өтудеміз. Жаттығудың бастапқы мақсаты жас буынды сарбаздарды әскери антқа келтіргенге дейін өздерінің қазіргі таңдағы ұрыс қолдану қорқыныштарын сейілту. Және де моральдық психологиялық жағдайын күшейту мақсатында ұйымдастырып жатырмыз.