Шымкентте құрылыс нормаларын бұзып, заңсыз салынған нысандарға қатысты бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері қала аумағында 106 заңсыз құрылыс нысаны анықталып, оның 56-сына қатысты тиісті шаралар қабылданды.


 Анықталған нысандардың басым бөлігі Абай ауданында тіркелген. Атап айтқанда, Абай ауданында – 39, Әл-Фараби ауданында – 19, Еңбекші ауданында – 17, Қаратау ауданында – 21, ал Тұран ауданында 10 нысан анықталған. Сонымен қатар құрылыс нысандарын бақылау және қадағалау бағытында 72 объектіге тексеру жүргізіліп, жалпы көлемі 61,6 миллион теңге айыппұл салынған. Мәселен, заңсыз құрылыстар бойынша 59 нысанға 42,4 миллион теңге көлемінде айыппұл есептелген. Ал құрылыс сапасына қатысты 8 нысанға 8,6 миллион теңге айып салынған. Бұдан бөлек лицензиялық бақылау аясында 442 құрылыс мекемесіне 86,1 миллион теңге айыппұл салынып, лицензиялары 6 айға тоқтатылды. Жалпы бақылау жұмыстарының нәтижесінде жергілікті бюджетке 147,6 миллион теңге көлемінде қаржы өндірілген.