Шымкентте қала инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Қала көшелері жаңарып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған ірі жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асуда.
Қазіргі таңда шаһарда жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі мен көлік қозғалысын жақсартуға басымдық берілуде. Соның бірі – Жанкелдин көшесі бойындағы салынып жатқан жаңа аяқ жол. Жоба тұрғындардың күнделікті жүріп-тұрын жеңілдетіп, қауіпсіз қозғалысқа мүмкіндік береді. Құрылыс барасында сапа мен заманауи талаптарға ерекше назар аударылған. Ал Тәуке хан даңғылында ескі алфальт жаңартылып, жол жабыны қайта төселуде. Бұл көлік қозғалысын реттеп, жол сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Сонымен қатар, «Көктем» базары аумағында толықтай сүру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта ескі нысандар бұзылып, аумақ құрылыс қалдықтарынан тазартылуда. Алдағы уақытта бұл жерде жаңа талаптарға сай заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастыру көзделген. Жалпы, мегаполисте атқарылып жатқан тнфрақұрылымдық жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, қаланың сәулеттік келбетін жаңғыртуға бағытталған. Мамандардың сөзінше, жол жөндеу, аяқ жол салу және абаттандыру жұмыстары алдағы кезеңде де жалғасады.