Қазақстан мектептерінде жол қозғалысы ережелері жеке пән ретінде қарастырылады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.


Министрдің айтуынша, 2026-2027 оқу жылында "Қазақстан балалары" бағдарламасы аясында "Жеке қауіпсіздік" атты жаңа пән енгізіледі. Бұл пән жол қозғалысы ережелерін, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мәселелерін қамтиды. Пән оқу бағдарламасына енгізіледі. Сондай-ақ жеке қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тақырыптары болады. Бағдарламаны Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы мен "Өркен" орталығы әзірлеген. Бұл пәнді мұғалімдер мен психологтар оқытады және 5-9 сыныптарда енгізіледі.