Қала әкімі «Теріскей» шағынауданындағы №46 мектеп-лицейде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Нысанда ішкі әрлеу, шатыр мен қасбетті жаңарту жұмыстары атқарылуда. Жауаптыларға құрылыс қарқынын күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар шаһар басшысы Бозарық шағынауданында 30 отбасыға жаңа пәтер кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Баспаналар «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары арқылы берілді. Мұнан кейін Абай ауданындағы Қасымұлы атындағы №82 мектепте салынып жатқан 450 орындық қосымша ғимараттың құрылысы таныстырылды. Қала әкімі нысанның сапасына бақылауды күшейтіп, жаңа оқу жылына дейін уақытылы аяқтауды тапсырды.