12 маусымнан бастап «Air Astana» әуе компаниясы Астана – Шымкент және Шымкент – Астана бағыттары бойынша жаңа тұрақты рейстерді іске қосады. Ұшақтар аптасына үш рет – жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.


Жаңа әуе бағыты қала тұрғындары мен қонақтары үшін қатынау мүмкіндігін арттырып, өңіраралық байланысты нығайтуға ықпал етеді. Мамандардың айтуынша, рейстердің көбеюі іскерлік және туристік сапарлардың қолжетімділігін кеңейтеді. Бүгінде Шымкент еліміздегі ірі экономикалық әрі іскерлік орталықтардың біріне айналып келеді. Осыған байланысты көлік инфрақұрылымын дамыту мен әуе қатынасын кеңейту маңызды бағыттардың бірі саналады. Жаңа рейстер мегаполистің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.