Шымкент цифрландыру саласында «Smart City Ranking 2025» рейтингісінде республика бойынша 3-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш бойынша шаһар Астана және Алматы қалаларынан кейінгі үздік үштікке еніп, цифрлық трансформация бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетті.
Аталған рейтинг қаланың цифрлық жобаларды тиімді жүзеге асырып жатқанын және Smart City бағыты бойынша тұрақты даму динамикасын қалыптастырғанын айқындайды. Smart City көрсеткіші 2025 жылы 82%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға өскен. Бұл өсім қала инфрақұрылымын цифрландыру, қоғамдық қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру, бейнебақылау және интеллектуалды көлік жүйелерін дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру бағыттарындағы жұмыстардың нәтижесі болып табылады. 2024 жылдың қорытындысында Smart City көрсеткіші 76% деңгейінде болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 82%-ға дейін өсті. Ал «Ашық үкімет» бағыты бойынша көрсеткіш 97%-дан 100%-ға дейін көтерілді.