Қала әкімі Достық тұрғын алабындағы асфальт төсеу қорытындысын тексерді. Жаңартылған жол көлік жүргізушілері үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де қолайлы әрі қауіпсіз қатынауды қамтамасыз етеді.


 Сонымен қатар Тереңөзек көшесіндегі Қос-Диірмен каналы арқылы өтетін көпірге жүргізілген жөндеу нәтижесімен танысты. Атқарылған жұмыстар құрылымның беріктігін қалпына келтіріп, жол жүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Ғабит Сыздықбеков Қаратөбе тұрғын алабындағы Е-34 көшесінде жүргізілген жол жабыны төсеу нәтижесін қарап шықты. Бұл жұмыстар қалалық инфрақұрылым сапасын арттыруға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Аралау қорытындысы бойынша инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуындағы оң динамиканы атап өтіп, мердігер ұйымдарға атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдірді.