Түркістанда балалардың жазғы демалысы қыза түсті. Биыл өңірде 8 сауықтыру лагері жұмыс істейді. Мыңдаған оқушы жазғы уақытын көңілді әрі пайдалы өткізбек. Ал «Балауса» лагерінде алғашқы маусым салтанатты түрде ашылып, Сауран ауданы мен Түркістан қаласынан келген 350 бала демалысын бастап кетті.


Таңғы жаттығу, қызықты ойындар, жаңа достар мен көтеріңкі көңіл-күй. «Балауса» лагеріндегі жаз осылай басталды. Мұнда балалар түрлі үйірмелерге қатысып, өнер мен спортқа баулынады. Демалушылар үшін қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жайлы орта қалыптастырылған. Әсіресе әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың балаларына ерекше қолдау көрсетілген. Мамандардың айтуынша, жазғы лагерьлерге сұраныс жыл сайын артып келеді.