Түркістанда жеткіншектер сурет салудан өзара сайысқа түсті. «Бейбітшілік әлемі» тақырыбында өткен шараға облыстың аудан-қалаларынан келген жас суретшілер қатысты. Балалар қылқалам арқылы татулық пен достықты бейнелеп, ерекше туындыларын ұсынды.


Байқауда қатысушылар «Бір шаңырақ астында», «Мәдениет көпірі», «Менің елім – менің болашағым» тақырыптары аясында сурет салды. Әр жұмыстан балалардың қиялы мен шығармашылық ізденісі байқалды. Шара барысында аниматорлар ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырып, ұлттық ойындар ойнатылды. Балаларға балмұздақ таратылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Түрлі түске боялған мерекелік атмосфера жас суретшілердің шабытын арттыра түсті.