Жетістік кездейсоқ келмейді. Ол маңдай тер мен жүйелі еңбектің жемісі. Шымкенттің алты мектебі Қазақстанның ең үздік жүздігіне енді.


Оқу-ағарту министрлігі 2025–2026 оқу жылының қорытындысын жариялады. Республикалық олимпиадада бақ сынаған 1600-ден астам зияткер оқушының ішінен шымқала ұландары көш бастады. Сөйтіп, «Білім-Инновация» ер балалар лицейі, №1 IT лицей-интернаты, №110, №14, Пушкин атындағы №1 және Дулати атындағы №8 мектептері Қазақстанның ТОП-100 мектебінің қатарынан көрінді. Айта кетейін, былтырғы 5 мектептен тұратын көрсеткіш биыл алтыға жетіп, қаланың білім әлеуеті жаңа белесті бағындырды. Бұл ұстаздардың еңбегі мен шәкірттердің жеңісі.