Әскери қызмет пен үлкен спортты қатар ұштастырған сарбаз. Шымкенттегі 10216 әскери бөлімінің мерзімді қызметкері Полатбек Теміров пауэрлифтингтен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ол Отан алдындағы міндетін өтеу үшін былтыр қарашада өз еркімен әскер қатарына қосылған.
59 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Полатбек - Қазақстанның төрт дүркін күміс және төрт дүркін қола жүлдегері. Сондай-ақ оның қоржынында Азия чемпионатының күмісі мен 2024 жылы Мальтада өткен Әлемдік доданың екінші орны бар. Қазіргі таңда спорт шеберлігіне кандидат атанған жауынгер әскери өмірге толық бейімделген. Болашақта ол оқуын жалғастырып, халықаралық аренада тек алтын медаль үшін бақ сынауды жоспарлап отыр.
ПОЛАТБЕК ТЕМІРОВ, ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР
Мен Отан алдындағы борышымды өтеп жүріп, спортпен де шұғылданып жүрмін. Мұнда жаттығу жасауға барлық жағдай жасалған. Мерзімді әскери қызметтен кейін де кәсіби спортпен айналысуды жалғастырамын. Әскери өмірім ойдағыдай өтіп жатыр...