Соңғы күндері жауын-шашынның көбеюіне қатысты түрлі пікір айтылуда. Мамандар бұл жағдайды «Жасанды жаңбыр» жобасымен байланыстырмауға шақырады. «Қазгидромет» дерегінше, өңірдегі жауын-шашын табиғи циклондардың әсерінен болып отыр.


 «Жасанды жаңбыр» – суды тиімді пайдалану мен құрғақшылықтың алдын алуға бағытталған жоба. Ол Түркістан облысында пилоттық түрде іске асырылуда. Мамандардың айтуынша, арнайы реагенттер тек белгілі бір аумақта, шамамен 5 шақырым көлемінде ғана әсер етеді. Сондықтан оның жалпы өңірлік жауын-шашынға ықпалы жоқ. Жоба шөлейттенумен күресуге және жердің ылғалдылығын арттыруға бағытталған.


 ҚАЗЫБЕК БЕДЕБАЕВ, «ТҰРАН СУ» МКК ДИРЕКТОРЫ
 мамырдан бері 4 рет әуе ұшуы жасалды. Қызылқұм мен Созақ ауданындағы бірнеше нүктеге арнайы реагенттер шашылды. Қазір бұл жұмыстар тәжірибе ретінде жалғасып жатыр. Негізгі мақсат – ауадағы ылғалды көбейтіп, жердің жағдайын жақсарту.